What are you looking for?

ҰҚК көлік вице-министрі ұсталғанын растады

04.08.2025

ҰҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев ұсталғанын растады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"ҰҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі пара алды деген күдікпен және сот санкциясымен көлік вице-министрін қамауға алды", — деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, 2 тамызда көлік вице‑министрі ұсталды деген ақпарат тарады. Ол пара алды деген күдікке ілінгені айтылған болатын.

Сәтжан Аблалиев 1970 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Алматы көлік-жол институты мен Қазақ қатынас жолдары университетін тәмамдаған.

Ол 2023 жылғы қазаннан бері көлік вице-министрі қызметін атқарып келді. Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды және Автомобиль жолдары комитетінде жұмыс істеген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget

Social Link

Follow Me On Social Media