What are you looking for?

Маңғыстау облысында 243 млн теңге жымқырған колледж есепшісі сотталды

04.08.2025

Маңғыстау облысының прокуратурасы колледж қызметіне тексеріс жүргізді.

Тексеру нәтижесінде колледждің бас есепшісі іссапар, шәкіртақы төлемдері және салық міндеттемелеріне бөлінген 243 миллион теңгені өзінің жеке шотына заңсыз аударғаны анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл әрекет Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша "Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету" ретінде сараланып, арнайы прокурорлар сотқа дейінгі тергеу жүргізді.

2025 жылғы 9 шілдеде Маңғыстау аудандық соты бас есепшіні қылмыстық кодекстің аталған бабы бойынша 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Сонымен қатар, сотталушы 10 жылға дейін бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Social Link

Follow Me On Social Media