What are you looking for?

Биыл жалақысы көбейетін ТОП-5 мамандық белгілі болды

06.08.2025

Мұндай сүйінші ақпаратты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім еткен .

Олардың сөзінше, осы жылы бюджет қызметкерлері арасында құтқарушылардың, балабақша тәрбиешілерінің және орманшылардың айлығы көтеріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінде құтқарушылардың жалақысы 70%-ға өсетіні жайлы деректер бар. Ал мемлекеттік орман күзеті қызметінде істейтін жұмысшылардың айлығы бірден 100%-ға көтерілмек.

Еске салайық, биыл қаңтарда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтарына 1,3 түзету коэффициенті енгізілген еді. Сол себепті, балабақша тәрбиешілерінің табысы да 30%-ға артады деп болжанған.

Сонымен қатар, бірнеше өңірдің әкімшілігі айлығы төмен қызметкерлерді қолдау шараларын қолға алуға мәжбүр. Яғни, жергілікті бюджеттің жайын ескеріп, олардың жалақысын 5%-дан 100%-ға дейін көтеруді қамтамасыз етеді.

Еңбек вице-министрі Асқарбек Ертаев Қазақстанда бюджет қызметкерлерінің еңбек ақысын төлеу бірыңғай жүйесі жұмыс істейтінін алға тартады. Демек, айлық-жалақыны көтеру туралы шешім бюджет пен экономикадағы жағдайды ескеріп барып қабылданбақ.

Министрлік соңғы бірнеше жылда педагогтар мен дәрігерлердің жалақысы айтарлықтай артқанын айтады. Сондай-ақ, техникалық қызметкерлер, мұрағат жұмысшылары мен кітапханашылар айлығы да шамамен екі есе өскенін мәлімдеп отыр.

Social Link

Follow Me On Social Media