What are you looking for?

Қазақстан азаматы Дубайдан экстрадицияланды

07.08.2025

Заңсыз криптовалюта саудасы үшін Қазақстан азаматы Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Күдікті 2022-2024 жылдар аралығында тиісті лицензиясыз Binance криптобиржасының платформасында жеке тұлғалар үшін цифрлық активтерді сатып алып, сатып, айырбастап, 400 млн теңге сомасында заңсыз табыс тапқан.

"Қылмыстық жауапкершіліктен құтылу мақсатында күдікті жасырынып, соған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған. Биыл ақпанда ол Дубайда ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды", — деп жазылған хабарламада.

Күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget

Social Link

Follow Me On Social Media