What are you looking for?

Ел тарихындағы ТОП-3 футболшының есімі аталды

11.08.2025

Мұндай тізімді "Жетісу" клубының бас бапкері Самат Смақов жасап отыр.

Ол Қазақстан футболы тарихындағы үздік ойыншыларға тоқталып өткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазір бапкерлік жолда жүрген экс-футболшы Қазақстан чемпионатындағы ең мықты ойыншылар туралы сұраққа былайша жауап берген.

"Тимур Сегізбаев, Құралбек Ордабаев, Сейілда Байшақов" дейді Самат Смақов.

Еске салайық, Тимур Сегізбаев мансабын "Қайрат" футбол клубы сапында өткізген. Жартылай қорғаушы ретінде спортшы 1958-1970 жылдары алматылық командада 212 ойынға қатысып, 19 гол салды.

Ал Құралбек Ордабаев 10 жыл бойы (1972-1982) "Қайраттың" қақпасын қызғыштай қорғады. Алматылық команада 254 кездесу өткізген. Кейіннен Шымкенттің "Металлург" және "Мелиоратор" командаларында да төбе көрсетті.

Сейілда Байшақов та "Қайратта" 10 жыл (1971-1981) доп тепті. 296 ойында 11 голды өз атына жазды.

Сондай-ақ, ол Жамбылдың "Энергетик" клубында да тер төкті.

Social Link

Follow Me On Social Media