What are you looking for?

Наурыз айында жауын-шашын 2 есе көп түседі - министр

11.03.2025

Бүгін Үкімет отырысында экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев ел аумағының 71 пайызында қар жатқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Дегенмен бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15 пайызға аз.

Еліміздің оңтүстігіндегі Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарында, батысында Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында қар еріп жатыр.

«Наурыз айында температура көтеріліп, жауын-шашын көп болса еріген қар суынан тау өзендерінде тасқын жүруі мүмкін. Орталық, солтүстік және шығыс аймақтарда қар қалың, наурыз айында жауын-шашын мөлшері айлық нормадан екі және одан да көп түседі деп күтіліп отыр. Мысалы, Астанада бірінші онкүндіктің өзінде айлық жауын-шашын мөлшері түсті», деді Ерлан Нысанбаев.

Social Link

Follow Me On Social Media