Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстан Президенті әлемде таеквондоның дамуына елеулі үлес қосқаны үшін Чунгвон ЧоудыІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.
Өз кезегінде Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының президенті Мемлекет басшысына ерекше құрметтің белгісі ретінде тоғызыншы дан қара белбеуін табыс етті.
Сондай-ақ, Президент жаттығу тақтайшасына қолтаңба қалдырып, Чунгвон Чоудың өтінішімен таеквондо дәстүріне сай тақтайды сындырды.