Гватемалада Орталық Америкадағы ең белсенді "Фуэго" жанартауы атқылап, 1000 адам шұғыл түрде қауіпсіз жаққа көшірілді.
Бұл туралы The Guardian басылымы жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ел астанасының маңындағы 2 ауданды күл басты. Жанартаудың белсенділігі бәсеңдемесе, тағы 30 мың тұрғынды шұғыл көшіру қажет болады. "Фуэго" 2018 жылы атқылап, ыстық күлі Сан-Мигель-Лос-Лотес ауылын басып, 215 адам опат болып, тағы соншамасы із-түзсіз жоғалып кеткен болатын.
Биіктігі 3700 метрден асатын "Фуего" Орталық Америкадағы ең белсенді вулкандардың бірі.