Алматы әуежайында күдіктіні ұстаған Мұса Әбдірайым туралы шетелдік БАҚ не жазуда?
Caravan.kz медиа порталының тілшісі анықтап көрді.
Әуежайдағы бомбаның алдын алған азамат марапатқа ие болды — E.vnexpress.net
Америкалық басылым әуежайда болған жағдайды былай деп сипаттады.
Дүниежүзілік Бокс Кеңесі (WBC) отставкадағы боксшы Мұса Әбдірайым Қазақстан әуежайында бомба жару қаупіне күдіктіні қарусыздандырып, тыныштандырғаннан кейін «Адамзат Қаһарманы» атағына ие болды.
52 жастағы бұрынғы боксшы Мұса Әбдірайым 7 Наурызда Алматы Әуежайында қылмыскерді жалғыз өзі қарусыздандырды
67 жастағы ер адам бомбаны жарып жіберемін деп қорқытқан кезде араласып, әуежайдың 21 жастағы қызметкерін кепілге алып, оның шашынан ұстап, пышағын сермеді. Еш ойланбастан, бұрынғы кәсіпқой боксшы шабуылдаушыны әйелді босатып, оның орнына кепілге алуға көндірді. Қауіпсіздік камераларынан түсірілген және әлеуметтік желілерде кеңінен таралған жылдам қадамның нәтижесінде Әбдірайым күдіктіні қарусыздандырып, тыныштандырды.
Алматыда террорист әуежай қызметкерін кепілге алды, қызметкерді қаһарман түрде бұрынғы боксшы құтқарып қалды — Latest Ly
Бұрынғы боксшы Мұса Әбдірайым Алматы әуежайында әйелді кепілге алған күдікті лаңкесті ерлікпен қарусыздандырды. Оқиғаның видоесы әлеуметтік желілерде кең тарауда.
Видеодан көргендей, 67 жасар шабуылшы қолына пышақ ұстап, 21 жастағы Ботакөз Мұхтарованы шашынан тартып «бәрін жарып жіберемін» деп қорқытқанын көруге болады. Әйелдің орнына 52 жасар Мұса Әбдірайым кепіл болуға келісіп, соңында оның қолынан пышағын тартып алды.
Қарулы лаңкес жаңа құрбанының ер адам болғанына келіседі. Бірақ ол оның бұрынғы боксшы екенін білмейді — Westernjournal.com
Ер адам кепілге алынған әйелдің өмірін сақтап қалды. Ол әйелдің орнына кепілге алынуға келіседі. 67 жастағы террорист бақылау-өткізу пунктінде жеке куәлігін көрсетуді сұрағаннан кейін әйелді кепілге алған.
Кейін 52 жасар боксшы оның орнында болып, содан ерлікпен лаңкесті қарусыздандырды.
52 жасар азамат батыл түрде кепілге алынған әйелді құтқарып алды — Daily mail
Бұрынғы боксшы кепілде болған әйелді батыл түрде құтқарып қалды. Бұл жағдай видеоға түсіп, бір сәтте әлеуметтік желі арқылы тарады. Ол жерде пышақпен қаруланған маньяк 21 жастағы әйелді кепілге алып, оны шашынан жұлып алып, әуежайды бомбамен жарып жіберемін деп қорқытты. Ол телефон арқылы бомбалап жіберуі мүмкін екені айтылды.
Айқалап жатқан Ботагөз Мұхтарованы 52 жасар бұрынғы боксшы құтқарып, оның орнына кепіл болды. Алайда ол көп ұзамай маньяктың пышағын алып, оны қарусыздандырды.