What are you looking for?

Экс-банкир Жомарт Ертаев бостандыққа шықты

03.09.2025

2020 жылы RBK Bank-тен 144 миллиард теңге ұрлағаны үшін сотталған бұрынғы банкир Жомарт Ертаев колониядан босатылды. Бұл ақпаратты ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті растады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Комитет мәліметінше, Ертаев сот үкіміне сәйкес қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеген.

"Сот шешімі негізінде оған рақымшылық жасалды, соған байланысты ол босатылды", — деді ҚАЖК өкілі.

Одан әрі бақылау және қадағалау үшін Ертаев пробация қызметінің есебіне қойылған.

Еске салайық, 2020 жылы қарашада экс-банкир Жомарт Ертаев RBK Bank-тен 144 миллиард теңге ұрлағаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Онымен бірге тағы 35 адам сотталды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget

Social Link

Follow Me On Social Media