What are you looking for?

AZAL апаты: Ильхам Әлиев пен Әзербайжан халқы Қазақстанға алғыс айтты

11.03.2025

Қазақстан Әзербайжанмен бірлесіп Каспий теңізінің табаны арқылы суасты электр желілерін тартпақ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанның сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Әзербайжанның сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен кездесті. Президент мейманға ілтипат білдіре отырып, сан қырлы мемлекетаралық байланысты одан әрі нығайту тұрғысынан бұл кездесудің маңызы туралы айтты.

"Сіздің сапарыңыздың бауырлас Әзербайжан елімен ынтымақтастығымызды одан әрі ілгерілету тұрғысынан мәні зор. Біз үшін Әзербайжанмен қарым-қатынас ерекше маңызға ие. Біз Сіздің еліңізді сенімді стратегиялық серіктес және одақтас ретінде қарастырамыз", – деді президент.

Әзербайжанның сыртқы істер министрі дәстүрлі түрде қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдіріп, екіжақты қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды.

Джейхун Байрамов орайлы сәтті пайдалана отырып, әзербайжандық әуе желісіне тиесілі ұшақтың Ақтаудағы апаты кезінде жедел көмек көрсеткені үшін Қазақстан тарапына президент Ильхам Әлиев пен Әзербайжан халқының атынан алғыс айтты.


Оқи отырыңыз: Ақтау маңындағы ұшақ апаты: тергеудің алдын ала қорытындысы шықты


Кездесуде ауқымды стратегиялық жобаларды жүзеге асыру, соның ішінде Каспий теңізінің табаны арқылы талшықты-оптикалық байланыс пен суасты электр желісін тарту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар сауда, инвестиция, цифрландыру, көлік-транзит салаларындағы өзара ықпалдастықты одан әрі жандандыру перспективасы қарастырылды.

Social Link

Follow Me On Social Media