What are you looking for?

Мұнай-газ саласындағы қаржы жымқыру фактісі бойынша сот үкімі шықты

08.09.2025

Прокуратураның бастамасымен өткен жылы мұнай-газ кәсіпорындарында тексерулер жүргізілді.

Нәтижесінде "Oil Transport Corporation" ЖШС қызметінде жабдықты қабылдау кезінде заңбұзушылықтар анықталып, сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тергеу барысында кәсіпорын мен мердігер компанияның басшыларын қоса алғанда, 3 адам ұсталды.

Сот отырысы қорытындысында барлығы кінәлі деп танылды.

  • Кәсіпорын бас директорының орынбасары лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланып, ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеті үшін 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

  • Мердігер компанияның екі өкіліне әрқайсысына 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сот процесі барысында сотталғандар мемлекетке 250 млн теңге көлемінде келтірілген шығынды өтеді.

Үкім заңды күшіне енді.

Social Link

Follow Me On Social Media