What are you looking for?

"Жанармай бітіп, қарға батып қалдық. Көмектесіңізші". Абай облысында бес адам құтқарылды

11.03.2025

Абай облысында қар құрсауынан бес адам құтқарылды. Оқиға Аягөз ауданында "Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" автожолында болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аягөз қ. 112 желісіне әйел адам хабарласып:

"Көліктің жанармайы бітіп қалып, қарға батып қалдық. Көмектсіңізші" — деді.

ТЖМ құтқарушылары боранда, қалың қарлы жолды еңсере отырып, бірнеше ондаған шақырымды жүріп өтіп, Аягөз қаласында бес адамды, оның ішінде екі баланы құтқарып, жеткізді.

Сондай-ақ Аягөз қаласына дейін салонында 43 адам болған 15 жеңіл автокөліктен тұратын колоннаны сүйемелдеді.

Құтқарылғандар медициналық көмекке мұқтаж болмады.

Social Link

Follow Me On Social Media