What are you looking for?

БҚО-да мас күйінде автокөлік айдаған полиция майоры қызметінен қуылды

13.09.2025

Орал қалалық полиция басқармасының майоры мас күйінде автокөлік жүргізгені үшін қызметінен босатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, құқық қорғау органы қызметкерінің заң бұзушылығы рейдтік шаралар барысында анықталған.

"Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті тәртіп пен заң талаптарын қатаң сақтайды. Мұндай әрекеттерге барған қызметкерлер міндетті түрде жауапкершілікке тартылады", – деп мәлімдеді ведомство.

Social Link

Follow Me On Social Media