What are you looking for?

Петропавлда өз пәтерінде орнынан тұра алмай, қамалып қалған қария құтқарылды

22.09.2025

Құтқарушылар көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінде қиын жағдайға тап болған егде жастағы әйелге көмек көрсетті.

Есігі ішінен тарс бекітулі егде жастағы әйелдің дауысын қабырғалас көршілері естіп, бірден құтқарушыларға хабарласқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"ТЖМ қызметкерлері альпинистік жабдықтарды пайдалана отырып, төртінші қабаттың балконынан үшінші қабаттағы пәтерге балкон арқылы кірді. Пәтер ішінде орнынан тұра алмайтын 1942 жылы туылған әйел табылды. Қарияны құтқарушылар жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды", – деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Social Link

Follow Me On Social Media