Түркістан облысы мен Өзбекстан аумағында жер сілкінісі тіркелді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
12 наурызда Астана уақытымен сағат 06.15-те жер сілкінісі тіркелген. Ошағы Өзбекстан Республикасының аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 684 шақырым жерде орналасқан. Бұл Түркістан облысы Келес ауданы Абай ауылынан 16 шақырым қашықта.
Келес ауданының Абай ауылында 3 балл, Сарыағаш ауданының Сарыағаш қаласында да 3 балл болып сезілген.
ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түспеген.
ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін және сел қаупі бар учаскелерді зерттеген.
"Тексеріс нәтижелері бойынша зақымданған нысандар табылған жоқ, қазір бұл нысандар штаттық режимде жұмыс істейді", — деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Жетісу облысының тұрғындары жер сілкінісін сезді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!