12 наурызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дариға Тілендиеваның қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың хабарлауынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйгілі композитор, "Отырар сазы" ұлт аспаптары академиялық оркестрінің негізін қалаушы Нұрғиса Тілендиевтің жары, белгілі мәдениет қайраткері Дариға Тілендиеваның дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі 11 наурызда 79 жасында дүниеден өтті. Бұл туралы ақпарат Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.