Qazaq Air әуе компаниясының пилоттары компания басшылығына үндеу жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мәлімдемеде қойылған негізгі талаптар: түнгі рейстер үшін төлем жүйесін қайта қарау, командирлердің жалақысын көтеру, екінші пилоттардың жалақысын көтеру және барлық пилоттар үшін төлемді арттыру.
"Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі әуе компаниясынан бұл мәлімдемені елдің қолданыстағы заңнамасына сәйкес қарауды талап етеді", – делінген хабарламада.
Qazaq Air әуе компаниясының 49 %- ы Sovico тобына, тағы 49% -ы Самұрық Қазынаға, ал 2%-ы Kazasia Holding Limited компаниясына тиесілі.