What are you looking for?

Тайланд бағыты бойынша жаңа рейс ашылды

15.12.2025

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бағытында тұрақты жұмыс жүргізуде.


Бүгіннен бастап қазақстандық "SCAT" әуе компаниясы Шымкент – Бангкок бағыты бойынша Тайландқа жаңа әуе бағытын ашуда, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Рейстер аптасына 2 рет — дүйсенбі және бейсенбі күндері — "Boeing 737 MAX 8" және "Boeing 737–800" типті әуе кемелерімен орындалатын болады.

Аталған әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, туристік және іскерлік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді деп күтілуде.

Social Link

Follow Me On Social Media