What are you looking for?

Джеки Чан Қазақстанда түсірілетін фильмнің режиссерін бекітті

22.10.2025

Әйгілі «Құдіретті сауыт» («Armour of God») франшизасының төртінші бөлімі 2026 жылы көктемде Қазақстанда түсіріледі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық медиакомпаниялардың парақшасында жарияланған ақпаратта Джеки Чан «Құдіретті сауыт: Ультиматум» фильміне режиссёр ретінде Роберт Кунды өзі бекіткені айтылған.

— Роберт Кунның есімі әлемдік кино индустриясында бұрыннан белгілі. Ол Disney, Paramount, Universal және 20th Century Fox студияларының экшн-сахналарын қойған. Сондай-ақ «Wanted», «He Is a Dragon», «Abraham Lincoln: Vampire Hunter», «Major Grom: The Game» және басқа да танымал фильмдердің түсіріліміне қатысқан. Түсірілім 2026 жылы көктемде басталады, — делінген жазбада.

Social Link

Follow Me On Social Media