ТЖ бастамасы бойынша теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтілді, деп хабарлайды КТЖ-ның баспасөз қызметінен.
✍2025 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Президенті ӘҚБтК-ге өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды. ҚТЖ және құқық қорғау органдары бастамашы болған түзетулер темір жол қауіпсіздігін күшейтеді.
Негізгі өзгерістер:
— 559-бап: Мал айдау, темір жол бойында жаю — 5 АЕК (қайталанса — 10 АЕК). Белгіленбеген жерден өту — 3 АЕК, қайталанса — 5 АЕК. Ескерту жазасы алынып тасталды.
— 607-бап: Өткел ережелерін бұзғаны үшін айыппұл 20 АЕК-ке дейін екі есеге артты. Көлікке немесе мүлікке зақым келтірсе, жүргізуші куәлігінен 9 айға дейін айыру жазасы енгізілді.
Түзетулер қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.