What are you looking for?

Ата-аналар енді баласының қанша уақыт TikTok көргенін бақылай алады

12.03.2025

Сонымен қатар TikTok сағат 22:00-ден кейін жасөспірімдерге арнайы ескерту жүйесін енгізеді.

TikTok жасөспірімдердің қолдану уақытын шектеу және ата-аналарға бақылау мүмкіндігін арттыру үшін жаңа функцияларды іске қоспақ. Атап айтқанда "Отбасылық баптаулар" бөлімінде "Демалыс" функциясы пайда болады. Ол арқылы ата-ана баласының TikTok қарау уақытын басқара алады. Сондай-ақ, баласының кімдерді қарап жүргенін, кімді бұғаттағанын және парақшасына кімдердің жазылғанын бақылай алады.

Сонымен қатар TikTok сағат 22:00-ден кейін жасөспірімдерге арнайы ескерту жүйесін енгізеді. Егер бала ескертуден кейін де қосымшаны қолдана берсе, толық экранды хабарлама пайда болады. Ал түнгі уақытта пуш-хабарламалар жіберілмейді.

Қазіргі таңда TikTok ата-аналарға арналған 15-тен астам қауіпсіздік параметрлерін ұсынады, оның ішінде экран уақытын шектеу және жасөспірімнің аккаунтын жекеге ауыстыру мүмкіндігі бар.


Оқи отырыңыз: "Әліппенің орнын әлеуметтік желі басты". Депутат TikTok-қа тыйым салуды талап етті


Social Link

Follow Me On Social Media