Астана қаласы прокуратурасының үйлестіруімен полиция Департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс шаралалары шеңберінде Украина азаматының басқарауындағы "KIA" маркалы автокөлік анықталып, ұсталды (автокөлік айыппұл тұрағына қойылды ), деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Автокөліктің ішкі салонын тексеру барысында 128 SIM-карта слоттары бар 2 дана "Sim-Box" мобильді аппараттық кешені анықталды, ол қайта жабдықталған автокөлік салонында орналастырылған. Сонымен қатар, әртүрлі ұялы телефон операторларына тиесілі 50 SIM-карта және Wi-Fi роутері алынды.
Осы факт бойынша абоненттiк құрылғының сәйкестендiру кодын өзгертуге арналған бағдарламаларды пайдалану дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (ҚК-тің 213-бап).
Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде, оның интернет-алаяқтыққа қатыстылығы тексерілуде.
ЖІШ барысында тағы 2 "Sim-Box" құрылғысы алынды.