What are you looking for?

Жас қаламгерлерге арналған Президенттік әдеби сыйлыққа өтінім 15 наурыздан бастап қабылданады

12.03.2025

Өтінім "Проза", "Поэзия", "Драматургия" және "Балалар әдебиеті " номинациялары бойынша қабылданады.

Биыл жас қаламгерлерге мемлекеттік қолдау көрсету, дарынды ақын-жазушылардың жаңа буынын қалыптастыру мақсатында үшінші рет Президенттік арнаулы әдеби сыйлық тағайындалады, деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Әдеби сыйлыққа 18-35 жасқа дейінгі қаламгерлер бұрын халықаралық және ұлттық байқауларға қатыспаған туындыларын ұсына алады.

Өтінім:

  • "Проза";
  • "Поэзия";
  • "Драматургия";
  • "Балалар әдебиеті" номинациялары бойынша қабылданады.

Автор тек бір номинацияға ғана қатыса алады.

Өтінімді 2025 жылғы 15 наурыз бен 15 маусым аралығында қағаз және электронды түрде мына мекенжайға жолдау қажет: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 14 кіреберіс, ҚР МАМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті, 273 кабинет.


Оқи отырыңыз: Жас жазушылар мен ақындар Президенттік әдеби сыйлыққа ие болды


Social Link

Follow Me On Social Media