Олардың басым бөлігі – ауыл мұғалімдері.
Жыл басынан бері еліміз бойынша 70 мыңға жуық педагог тегін біліктілікті арттыру курсынан өтті, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
"Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту жұмыстарын жалғастыруда. Мемлекеттік қаржыландыру есебінен өткен екі апталық курсқа еліміздің барлық өңірінен мұғалімдер қатысты.
Оқу бағдарламасы аяқталғаннан кейін курстан кейінгі қолдау шаралары ұйымдастырылып, педагогтер мазмұнды семинарлар мен тәжірибелік тренингтерге қатысу арқылы кәсіби шеберліктерін жетілдіруге, заманауи әдістемелерді өз тәжірибесіне енгізуге мүмкіндік алды.
Алдағы кезеңде де педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуын қолдауға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасады.
Оқи отырыңыз:
Оқу-ағарту және Ғылым министрліктері мен TikTok жыл сайынғы "Қазақстан мұғалімдері" байқауын жариялады
Тегін цифрлық платформа: Мұғалім балалардың оқу үлгерімін қалай онлайн бақылай алады