What are you looking for?

Алматыда келіншек төрт жасар баласымен биік үйден құлап кетті

12.03.2025

Алматыда 35 жастағы әйел төрт жасар баласымен бірге 18-қабаттан құлап кетті. Келіншек оқиға орнында бірден көз жұмды, ал бүлдіршінді періштесі қаққан, қазір ауруханада жатыр. Сәбидің жағдайын дәрігерлер аса ауыр деп бағалап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, қайғылы оқиға кеше, 11 наурызда қаланың қақ ортасындағы "Комфорт Сити" тұрғын үй кешенінде боллы. Сұмдық жайтқа куә болғандар әлі есін жия алмай жүр. Әйелдің мұндай қадамға баруына не түрткі болғаны әзірше белгісіз.

"Мен сағат сегізге таман келген кезде шулап жатты. Ол кезде денесін алып кетіпті, мен келгенде жоқ болды. Жұрттың улап-шулап жатқанын естідік. Біз арғы блоктан кіреміз ғой" Куәгер Серік Тасқарбеков

35 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды. Ал дәрігерлер оның төрт жастағы баласының өмірі үшін күресіп жатыр. Көп жарақат алған бүлдіршін жансақтау бөлімінде, хәлін аса ауыр деп бағалап отыр, яғни бүлдіршіннің өміріне әлі қауіп төніп тұр.

"2021 жылғы бала жедел медициналық жәрдем бригадасымен көптеген жарақатпен жеткізілді, биіктіктен құлаған. Шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына жеткізілді. Қазір қарқынды терапия және жансақтау бөлімшесіне жатқызылды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің диагностика және емдеу хаттамасына сәйкес, толық емделіп жатыр". Алматы БШМККО директорының орынбасары Құрметбек Тоқтар

Бұл дерек бойынша полицейлер қылмыстық іс қозғады.

Social Link

Follow Me On Social Media