What are you looking for?

Көрінбейтін кейіпкер

13.03.2025

Георгий Данелия – кеңестік кино­ның көр­некті режиссёрі, «Мимино», ­«Кин-дза-дза!», «Афоня» сынды клас­си­ка­лық фильмдердің авторы. Оның көп­теген картинасының титрларында Рене Хобуа есімі кездеседі. Алайда бұл адам ешбір фильмге түс­пе­ген.

1960 жылы Данелия мен сценарист Резо Габриадзе «Қамықпа!» фильміне сценарий жазу үшін Тбилисиге келеді. Олар сце­нарийдің халыққа қалай әсер ететінін білгісі келіп, мәтінді жергілікті құрылысшы Рене Хобуаға қайта-қайта оқып беріп отырады. Кейін белгілі болғандай, Рене орыс тілін нашар түсінетіндіктен, сценарийдің мағынасын толық ұқпаған, бірақ сыпайылық үшін үнемі мақтап отырған екен. Бұл жағдай режиссёрлерге ерекше ұнап, олар Рене Хобуаның есімін алғыс ретінде титрларға қосуды дәс­түрге айналдырды. Осылайша, ешбір рөл­де ойнамаған құрылысшы кеңестік кино тари­хындағы көрінбейтін кейіпкерге айналды.