What are you looking for?

Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

13.03.2025

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 490 – 496 теңгеден саудаланып жатыр.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық банктің 13 наурызға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 489,15 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,64 теңге. Еуро — 533,47.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 494 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 491 теңге. Еуро 530 — 535 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 496 теңге, сатып алу құны — 490 теңге. Еуро 537 теңгеден сатылып, 530 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,58 — 5,74 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 12 наурыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,15 теңгеге қымбаттап, 489,59 теңге болған.

Social Link

Follow Me On Social Media