Шектеулер ауа райының бұзылуына байланысты болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бүгін сағат 13:00-дегі жағдай бойынша «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолының Қостанай облысы аумағындағы 686-729 шақырым аралығы (Сарыкөл ауылы — СҚО шекарасы) және Солтүстік Қазақстан облысы аумағындағы 729-768 шақырым аралығы (Қостанай облысы шекарасы — Тоқсан ауылы) бойынша жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.
«ҚазАвтоЖол» мәліметінше жолды 14 наурызда сағат 06:00-де ашу жоспарланған.