What are you looking for?

Оқушылардың тіскебасардан улануы: Сауда министрлігі күмәнді өнім туралы айтты

13.03.2025

Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев 2025 жылдың 13 наурызында Сенатта Ақтөбе облысында мектеп оқушыларының снектерден улануына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол тауардың шынымен Қытайдан келген-келмегенін құзырлы органдар анықтауы керек деп түсіндірді. Сөрелерге азық-түліктің түсуін Денсаулық сақтау министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қаржы министрлігі қадағалайды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметі тауарлардың құжаттары мен анықтамаларының бар-жоғын тексереді.

"Осындай жағдайлар туындаса, сараптама жүргізіліп, анықталады. Егер бәрі расталса, өнім тәркіленеді. Бұл жерде Қытайдан келгенін дәлелсіз айту дұрыс емес сияқты. Меніңше, бұл өнімнің қайдан келгенін, улану шынымен де осы өнімнің кесірінен болды ма, соны анықтауымыз керек", – деді Қайрат Төребав.

Ол қазақстандықтарға өнімнің қаптамасын мұқият оқып, өнімнің жарамдылық мерзімін тексеруге кеңес берді, өйткені кәсіпкерлер мерзімі өтіп кеткен азық-түліктерді жиі сатады.

"Нарық үлкен, өкінішке орай, бізде жосықсыз бизнесмендер бар. Ұсыныс мынадай болар еді. Мен әрқашан қаптаманы толығымен оқып шығамын, шығарылған мерзіміне қараймын, өйткені кейде сатушылардың өздері өнімнің жарамдылық мерзімі өтіп кеткенін білмейді", – деді вице-министр.

Сондай-ақ ол тауарлардың қателері немесе дұрыс таңбаланбауы анықталса, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне және министрліктің сенім телефонына хабарласуға кеңес берді.

Ақтөбе облысында мектеп оқушылары уланғаннан кейін дүкендерден қытай тағамдары тәркіленіп жатқаны бұған дейін хабарланған болатын. Болжам бойынша, Қобда ауылындағы жаппай улануға себеп болған қытайлық тағамдар. 4-сыныпта оқитын 23 оқушы улану белгілерімен ауруханаға жатқызылды. Анықталғандай, жеңіл тағамдар дүкенде рұқсатсыз сатылған.

Social Link

Follow Me On Social Media