What are you looking for?

ҚМДБ имамның аяғын уқалап отырған балалар бейнеленген жанжалды видеоға қатысты мәлімдеме жасады

13.03.2025

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) Түркістан облысынан медресе имамы мен балалардың қатысуымен түсірілген атышулы видеоға қатысты жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Айта кетейік, Қазнетте имамды қоршап алған балалардың оның аяғын уқалап отырған видеосы талқыға түсті. Қалың көпшілік видоны сынап, ашулы пікірлер жазған.

"Мешіт – ғибадат үйі, діни қауым бас қосатын рухани орталық, киелі орын, тәрбие ордасы. Ғибадат үйіне келген адам мешіт әдебін сақтауы керек. Бұл мұсылманның асыл қасиетінің бір бөлігі. Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы мешітте болған оқиға әлеуметтік желіге тарап, қоғамда түрлі дау тудырды. Осыған байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті жерде халықтың наразылығын тудырған әрекеттері үшін мешіт имамына сөгіс жариялады", – деп хабарлады бейсенбі күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі барша мұсылман қауымын ғибадат үйлерінде дауыс көтермеуге, арсыздыққа бармауға, жанжал шығармауға шақырады.

"Мешітке келушілерді мүмкіндігінше мешіт әдебін сақтауға шақырамыз. ҚМДБ баспасөз қызметі

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айында ауызашар бағасының шарықтап кеткеніне алаңдап, әділдікке шақырады.

Social Link

Follow Me On Social Media