What are you looking for?

Ұлттық банк цифрлық алтын монеталарды сатуды бастайды

13.03.2025

Қазақстан Ұлттық Банкі 2025 жылғы 17 наурыздан бастап инвестициялық монетаның цифрлық баламасы — Gold Coin жобасы іске қосылатынын хабарлайды.

Жаңа инвестициялық құралды "Астана" халықаралық қаржы орталығы (Astana International Exchange, AIX) биржасының Tabys мобильді қосымшасында сатып алуға болады.

Gold Coin жобасының мақсаты — Қазақстан азаматтарына заманауи технология мен цифрлық экономика жағдайында инвестициялауға және капитал жинақтауға балама көз ұсыну.

Gold Coin-ның бір бірлігі алтынның 1/20 троя унциясына тең. Оның құны Лондонның бағалы металдар нарығына қатысушылар қауымдастығы (LBMA) белгілеген алтын бағасына және сатып алу/сату күні алдындағы теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамына байланысты болады.

Tabys мобильді қосымшасын пайдаланушы онлайн режимінде Gold Coin сатып ала алады, оны және сатуға да, сыйға тартуға да мүмкіндік бар. Сондай-ақ, жиырма эквивалент (бірлік) жинақталғанда, Gold Coin-ды Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарында заттай алтын — ÚKI инвестициялық монетасына айырбастауға болады.

ÚKI инвестициялық монетасы айналымға шыққалы тұр, оны 2025 жылдың 17 наурызынан бастап сатып алуға болады.

Gold Coin жобасы туралы ақпаратпен Ұлттық Банктің Youtube арнасында танысуға болады.

Social Link

Follow Me On Social Media