What are you looking for?

Зеленский мен Путин майдан даласына неше рет барды?

13.03.2025

Кеше Ресей президенті Владимир Путин Курскі аумағына барғанын орыс ақпараты жарыса жазып жатты. Командалық басқару пунктінде жиын өткізген видео да тарады.

Алайда, ол фото-видеолардан президент Путиннің нақты геолокациясын танып-білу мүмкін емес. Қазір әлемдік БАҚ: «Путин Курскіге барды ма, әлде барған кейіп танытты ма?»деген сұрақты қызу талқылауда.

Үш жыл соғыста өзі «Ресей жері» деп псевдореферендум өткізіп, Конституциясына қосып алған Донбассқа бірде-бір мәрте бармаған, майданның қыз-қыз қайнап жатқан шебіне аяқ баспаған президент Путин қалайша әлі «жаудан» толық азат етілмеген Курскіге бара қалды?

Себеп жалғыз: Курскі шайқасы — Путиннің халықаралық беделін аяққа таптады. Оның камуфляж киіп, Курскі облысына барғанының себебі де – осы түскен беделді көтеруге деген жанталасы!

ЗЕЛЕНСКИЙ ШЕ?

Украина президенті Зеленский басқыншылық соғыстың үш жылында майдан шебіне сан мәрте табан тіреді. Донбассқа да, Бахмутқа да, Покровскіге де, басқа майдан шептеріне де барды. Солардың бірсыпырасы:

2022 жыл. Харьков, Харьков облыстарындағы қызып жатқан майдан шебіне барды, Зеленский.

Сол жылы маусымда Луганскі облысындағы Лисичанскі майданына аяқ басты. Ол кезде де қызу шайқастар жүріп жатқан.

Сол жылы маусымда Николаевскі облысына, шілдеде Днепропетровскі облысына барып, сарбаздармен жүзбе-жүз жолықты.

2022 жылдың қыркүйегінде президент Зеленский жау шегініп бара жатқан Изюмге, қарашада Херсон облысына аяқ басты. Бұл жақтан жау енді ғана шегініп, атыс жүріп жатқан аумақтар еді.

2022 жылдың желтоқсанында президент Зеленский Донбассқа барды. Нағыз қиянкескі шайқастар сол жақта жүріп жатқан.

6 желтоқсанда президент Зеленский Славянскі қақпасынан видео үндеу түсіріп, президент Путинге соққы жасады. «Мықты болсаң, мен секілді жүр! Мен сарбаздарыммен біргемін», — деді.

Зеленский өз өмірін бейгеге тіккен тағы бір жайт 2022 жылдың желтоқсаны аяқталар уақыт. Президент Зеленский қанқасап соғыс жүріп жатқан Бахмутқа барды.

2023 жылы президент Зеленский соғыс жүріп жатқан Авдеевкаға 2 мәрте барды. Бұл кездерде Авдеевка үшін жан алысып, жан беріскен ұрыс жүріп жатқан. Зеленский майдан шебіне өзі барып, жауынгерлерге рух берді.

Сол жылдың мамырында президент Зеленский Маринька мен Угледардағы майданның алдыңғы шебіне бірақ барды.

Арада бір ай өтті дегенде Зеленский Бердянскі мен Мелитопельдегі майданнан көрінді.

Онан соң тамызда Зеленский Бахмут бағытындағы қызыл нүкте — Часов Ярға барды. Сол айда Донецкі облысындағы майданның алдыңғы шебіне аяқ басты.

Ал 2024 жылы президент Зеленский Работино, Купянскі, Запорож, Славянскі, Часов Яр майдандарына барды. Ал 2024 жылдың маусымында Зеленский қанқасап ұрыс жүріп жатқан Покровскі даласына барды.

Social Link

Follow Me On Social Media