What are you looking for?

Болат Төкежанов Денсаулық сақтау министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды

13.03.2025

ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Болат Төкежанов министрлік аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Үкіметтің ,аспасөз қызметі хабарлайды.

Болат Төкежанов 1972 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы ШҚО, Ұлан ауданы, "Обуховский" совхозының жұмысшысы болып бастаған.

1994–1996 жылдары — Шығыс Қазақстан облыстық салық инспекциясы сыртқы экономикалық қызмет бөлімінің салық инспекторы, бірлескен шетелдік кәсіпорындарға салық салу секторының аға инспекторы.

1996–1999 жылдары — Міндетті медициналық сақтандыру қоры Шығыс Қазақстан облыстық бөлімі қаржы-экономикалық бөлімінің жетекші маманы, қаржы басқармасы басшысы–директорының орынбасары.

1999–2000 жылдары — Медициналық қызметтерге ақы төлеу орталығы Шығыс Қазақстан облыстық бөлімшесінде ақпараттық-техникалық бөлім бастығы, директоры.

2001–2003 жылдары — ШҚО «Ақпараттық-медициналық орталығы» ММ директоры.

2003 жылдан 2013 жылға дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымында басшылық лауазымда жұмыс істеді.

2013–2014 жылдары — ҚР денсаулық сақтау вице-министрі.

2014–2017 жылдары — "ҚР Денсаулық сақтау секторында технологияларды беру және институционалдық реформаны жүргізу" жобасының ұлттық үйлестірушісі.

2017–2019 жылдары — ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы.

2019–2020 жылдары — ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Дүниежүзілік банктің "Әлеуметтік медициналық сақтандыру" жобасының ұлттық үйлестірушісі.

2020–2022 жылдары — "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ басқарма төрағасы.

2022–2023 жылдары — Ғылым және жоғары білім министрлігі аппаратының басшысы.

2023 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы.

Social Link

Follow Me On Social Media