What are you looking for?

Қазақстанда алты жаңа ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрылады

13.03.2025

Қазақстан биоәртүрлілікті сақтау бағытында ерекше қорғалатын алты табиғи аумақ құруды жоспарлап отыр.

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

— Биологиялық әртүрлілікті сақтау жөніндегі халықаралық конвенция аясында Қазақстан өз міндеттемелерін іске асыру мақсатында "Еліміздің биоәртүрлілікті сақтау тұжырымдамасын" әзірлеуде. Бұл жоба ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың үлесін қазіргі 11,3%-дан 12,5%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді, — деді Данияр Тұрғамбаев.

Жоспарға сәйкес, Арал, Жайық орманы, Ертіс жайылмасы табиғи резерваттары, Түкті ұлттық паркі, Мерке өңірлік паркі және Қызылқұм қорығы құрылмақ. Сонымен қатар, Үстірт және Қаратау қорықтары, Ақжайық және Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваттарының аумағын кеңейту көзделген.

Комитет басшысының айтуынша, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы экологиялық туризмге сұраныс артып келеді. 2024 жылы ұлттық парктер мен қорықтарға 2,8 миллион адам барған, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 400 мыңға көп. Экологиялық туризмді дамыту қоршаған ортаға минималды әсер ете отырып, табиғатты танып-білуге мүмкіндік береді.

Social Link

Follow Me On Social Media