Әлем таныған әнші Димаш Құдайберген биыл Лондонға барады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"ДимашАли" шығармашылық орталығы Димаш Құдайбергеннің жаңа концерті өтетінін жариялады.
"2025 жылы 12 қарашада Лондондағы OVO ARENA WEMBLEY-де "STRANGER" шоуы өтеді. Димаш өзінің бұрыннан келе жатқан және жаңадан қосылған жанкүйерлерін қуанту үшін концертке арнайы жаңа композициялар дайындап жатыр", делінген хабарламада.
Ерте бастан билеттерді сатып алу үшін тіркеу 14 наурызда басталатыны ескертіледі, ол туралы толыққанды ақпаратты әнші командасының сайтынан білуге болады.