What are you looking for?

Елдана Талипова сербиялық қарсыласын ұтты

13.03.2025

Бокстан Ниш (Сербия) қаласында жалғасып жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының ширек финалында тағы бір спортшымыз жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

+81 келідегі Елдана Талипова 1/4 финалда шаршы рингтің қожайыны Сара Милжковичпен жолы түйісті. 2-раундта төреші жерлесіміздің ұпайын алып тастаса да, Елдана Талипова соңғы секундқа дейін барынша жұдырықтасып, қарсыласын 5:2 көрсеткішімен ұтты.

Social Link

Follow Me On Social Media