What are you looking for?

Қазақстандық блогерлер 12 жылдан кейін дүркіретіп үйлену тойын жасады (фото, видео)

13.03.2025

Қазақстандық ерлі-зайыпты блогерлер Ерболат Жаңабылов пен Эльмира Төлегенова 12 жылдан кейін дүркіретіп үйлену тойын жасады. Олар салтанатты кештен әсерлі фото, видеоны әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айта кетейік, Ерболат Жаңабылов пен Эльмира Төлегенованың бірге қол ұстасып жүргендеріне 12, заңды некеге тұрып, отбасын құрғандарына 10 жылдың жүзі болған. Бүгінде олардың үш баласы бар. Алайда жұбайлардың дүркіретіп той жасауға сол уақытта қаржылық жағдайы келмеген.

Дегенмен, арада 12 жылдай уақыт өткеніне қарамастан, Ерболат Жанабылов ақ көйлек кигісі келген сүйіктісінің арманын орындап, үйлену тойларын жасауға бел буған. Ол тіпті, 8 наурыз әйелдер мерекесі қарсаңында жұбайына үйленуге ұсыныс та жасап, ерекше тосынсыймен қуантқан болатын.

"Ерболат – арманымды орындады. Бақыттымын. 12 жыл өтсе де, әрбір қыздың, әйелдің арманы – ақ көйлек кию", — деп жазды Эльмира Төлегенова.

Блогерлердің тойына Қайрат Нұртас бастаған танымал қонақтар келген. Олардың арасында Қайраттың інісі Заңғар, әнші Тұрар Ыдырыс, Әміре және басқа да көптеген отандық жұлдыз болған.

Social Link

Follow Me On Social Media