What are you looking for?

Маңғыстауда веложарыс өтеді

14.03.2025

Маңғыстауда мамыр айы­ның 17-18 күндері қызықты спорттық іс-шара өтеді. «Tour De Bozjyra» веложарысы – саламатты өмір сал­тын, спортты насихаттай­тын белсенді жандарды бірік­тіретін, өңір туризмін танытатын маңыз­ды дода. Жа­рысқа қатысушыларға ба­тыс өңіріміздің, соның ішінде Маңғыстаудың көрікті та­би­ғи орындарына сапар шегу ұсынылады.

Спортшылар бірінші күні, 17 мамырда ұзын­дығы 150 шақырымдық қашықтықта, Жаңаөзеннен Боз­жыраға дейін жарысады. 18 мамырда­ Ақтаудан TetysBlu тақы­рыптық саябағына дейін 35 ша­қырымды бағындырып, мәреге жетеді.

«Жеңіске жету оңайға түспейді. Қозғалыс бағдары күрделі. Қаты­су­­шылардың келесі межеге дейін жолда аялдап, демалып, тамақ­тануына арналған аялдамалар­ қарастырылған. «Rixos Water World Aktau» қатысу­шылардың қа­уіп­сіздігін қамтамасыз етеді. Меди­циналық және техникалық қолдау да ойластырылған. Сонымен қатар спортшыларға арнайы бағдарланған экскурсия аясында Бозжы­ра панорамасына бару мүмкіндігі беріледі. Барлық қатысу­шыларға естелік медальдар табысталады», дейді ұйымдастырушылар.

Веложарыс Бозжыраның боз жолымен сапар шегемін деушілер үшін қызықты, әрі есте қаларлық іс-шара болатыны анық.

Маңғыстау облысы

Social Link

Follow Me On Social Media