What are you looking for?

Кәсіпкерлік қағидасы

14.03.2025

Мемлекет шағын және орта биз­несті қолдау мақсатында түрлі бағ­дарламалар мен бастамаларды ұсынып отыр. Әрине, салада тәуе­кел­дер мен түйткілдер жоқ емес. Де­генмен жақсы мүмкіндік те бар. Осы ретте оқырман мен кәсіпкерлер назарына қазіргі уақыттағы қол­жетімді бастамаларды айта кеткен жөн.

«Бизнестің жол картасы – 2025». Бұл – бизнестің дамуына жол ашатын басты бағдарламалардың бірі. Бағдарлама аясында несиеге субсидия беріледі. Тіпті кепіл жетпеген жағдайда мемлекеттік кепілдікті алып, ақшаға қол жеткізуге мүмкіндік бар. Гранттар бөлінеді. Жаңа бизнес-идеяларға ақша беріледі. Оқыту мен консультация қарастырылған. Өзінің кәсіби дағдысын жетілдіруді көздеп, бизнес жүргізу қабілетін дамытқысы келген жандар бұл бағдарламаны пайдалана алады.

«Даму» қоры. Бұл қор әсіресе, өңір­лерде өркен жайғысы келген бизнес­ке көбірек көмектеседі. Несие жылдық 8 пайыз мөлшерлемемен ұсынылады. Басым салалардағы бизнес үшін өте тиімді. Қордың шетелдіктермен жұмыс істеу бағдарламасы да бар. Яғни шетелдік инвестиция мен жаңа технология тартуға септігі тиетіні сөзсіз.

Салықтық жеңілдіктер. Бизнеске бір­қатар салық жеңілдігі жасалды. Соның бірі – қосылған құн салығын (ҚҚС) қайтарып беру. Егер өндіріспен немесе тауар экспорттаумен айналысса­ңыз, ҚҚС бойынша кеткен шығынды қайтарып алуға болады. Бөлшек салық. Кішігірім кәсіпкерлерге салық салудың жеңілдетілген жүйесі енгізілген.

Оқыту және тәжірибеден өткізу. Дағдыны жетілдіру бағытында мынадай мүмкіндіктер бар:

  • Шетелде іс-тәжірибеден өту. Шетелге барып компаниялардың қалай жұмыс істейтінін көзбен көріп, байланыс орнату;
  • Тегін оқыту. Сатылым, қаржы, бас­қару бойынша тәп-тәуір білім алуға жол ашатын кәсіпкерлерге арналған курстар бар.

Әлбетте, бұл бағдарламалардың бар­лығы бірдей керемет емес те шығар. Алайда бұл мүмкіндікті қажетіне қа­рай пайдалану өмірді әжептәуір жеңіл­детіп, бизнесті дамытуға мұрын­дық болады. Ең бастысы – білуге ұмтылудан қорықпау, тәуекелге барып өтінім беру, сөйтіп керегіңді алу. Бұл бастамалардың бәрі бізге, яғни кәсіпкерлерге пайдалану үшін жасалып отыр.

Осы орайда есте ұстайтын қағидалар да бар. Кәсібін енді бастағандар бұл хақында да білгені жөн деп есептеймін, – мемлекет шағын және орта бизнеске келесідей жағдайларды жасап бере алмайды:

  • Тұрақты нарық. Мемлекет сұра­ныс пен бәсекені қадағалай ал­май­ды. Өйткені аталған екі фактор тұты­нушы мен жа­һандық жағдайға тіке­лей тәуелді.
  • Кепілдендірілген табыс. Тәуекел әр кез кәсіпкердің айналасында қала береді. Ешкім де кәсіпкерге көл-көсір табысқа уәде бермейді. Табыстың кілті де, кілтипаны да кәсіпкердің өзінде.
  • Мінсіз мамандар. Мемлекет оқыту, білім жетілдіру тұрғысынан бизнеске көмектеседі, бірақ қызметкерлерді ынталандыру және олардың кәсіби білік­тілігін жоғарылату бизнестің өзіне тіке­лей байланысты.
  • Креативті идеялар. Ғажайып ұсы­нысты қалай ойлап табуды, оны қалай ұсынуды кәсіпкердің өзі ғана біледі.
  • Бюрократиядан толықтай тәуел­сіздік. Бизнесті тексеруді жеңіл­дет­кен­нің өзінде бақылау, есеп және ережелерді ешкімнің де жоюы мүмкін емес.

Бизнес қашанда тәуекелдер мен бел­гісіздікке толы. Қиындыққа ұрынған жағ­дайда тығырықтан шығар жолды тек кәсіп­кер­дің өзі табады. Бастаған кәсібін құрдымға кетіру де, табысқа жеткізу де кәсіпкердің өз қолында.

Social Link

Follow Me On Social Media