Қарағандыдағы фаст-фуд орындарының бірінде 24 мың теңге белгісіз жағдайда жоғалып кеткен.
Осы оқиғаға байланысты Октябрь аудандық полиция бөліміне 38 жастағы дәмхананың иесі арызданды.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлерімен осы іске қатысты бар деген күдікпен 19 жастағы аудан тұрғыны анықталып, ұсталды.
Ол дәмхананың есігін бұзып кіріп, кейіннен кассалық аппараттан ақша әкеткені белгілі болды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық іс аясында полицейлер күдіктінің осыған ұқсас басқада ұрлықтарға қатыстылығын тексеруде.