Президенттің өзіне бұл туралы көптеген шағым түскен.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың IV отырысында қазақстандықтардың алаяқтарға алданып қалатынын және бұған жауапты органдар назар аударуы керек екенін айтты.
"Құрылтай мүшелері тағы бір жайтқа алаңдаушылық білдіріп отыр. Соңғы кезде ел ішінде түрлі алаяқтық әрекеттер жиілеп барады. Теріс пиғылды адамдар қайырымдылыққа деп ақша жинап, оны жеке басының пайдасына жаратады. Сондай-ақ көп адам интернет-алаяқтардан зардап шегіп жатыр. Бұдан бөлек, қазір жұртқа ақыл айтып ақша табатын жалған психологтар мен "коучтар" көбейіп кетті. Оларға сеніп, алданып қалғандар көп. Маған бұл туралы көптеген шағым түсіп жатыр. Бұл мәселені Құрылтай мүшесі Айгүл Орынбек дұрыс көтеріп отыр. Жауапты органдар бұл мәселені де назарға алуға тиіс", – деді Қазақстан президенті.