Президент мәселені саясиландырудың қажеті жоқ екенін айтты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге байланысты пікірталасқа қатысты пікір білдірді.
Президенттің айтуынша, арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесінде қоғам белсенділерінің қаупі мен күмән-күдігі расталмаған.
"Үкіметтің және депутаттардың басым көпшілігінің, сондай-ақ мамандардың уәжімен келісемін: біздің кең-байтақ жеріміз бар, халқымыздың саны да салыстырмалы түрде алғанда көп емес. Сондықтан елімізде бірыңғай уақыт белдеуі болуға тиіс. Бұл тәсіл мемлекетті басқару ісін жеңілдетеді, логистика мен көптеген бизнес-үдерісті оңтайландыруға септігін тигізеді. Осымен пікірталасты доғару қажет деп ойлаймын, оның үстіне бұл мәселені саясиландырудың қажеті жоқ", – деді мемлекет басшысы.
Оқи отырыңыз: Тоқаев ҚҚС көтеру туралы: Бюджет қаржысының жартысынан көбі әлеуметтік саланың еншісінде
Айта кетейік, бүгін Бурабайда мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық құрылтай өтіп жатыр.