Бейжіңде (Қытай) шорт-тректен әлем чемпионаты басталды. Турнир аясында ерлер арасындағы 1500 метр қашықтыққа жүгіруден іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ширек финал қорытындысы бойынша қазақстандық Әділ Ғалиахметов келесі кезеңге өтті.
Өз жарысында ол екінші болып мәре сызығын кесіп, әлем чемпионатының жартылай финалына тікелей жолдама алды.
Ал Ольга Тихонова 1500 метр қашықтықтағы ширек финалдық сайыста сәтті өнер көрсетті. Өз жарысында үшінші болып мәре сызығын кескен Тихонова, көрсеткен нәтижесінің арқасында әлем чемпионатының жартылай финалына өтті.