What are you looking for?

Таразда зауыт аумағы өртенді

14.03.2025

ТЖМ қызметкерлері өртті дер кезінде сөндірді.

Тараз қаласында ауқымды өрт болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өрт Мәмбет батыр көшесінің бойында орналасқан асфальт-бетон зауытының аумағында болған. Онда құрғақ қамыс пен ескі автомобиль шиналары жанған. Шұғыл жеткен өрт сөндірушілер 650 шаршы метр алаңдағы өртті сөндірді.

Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Social Link

Follow Me On Social Media