What are you looking for?

Денис Никиша - шорт-тректен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері

15.03.2025

Қазақстандық шорт-трекші Денис Никиша Бейжіңде (Қытай) өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Никиша 500 метр қашықтықта екінші орынға ие болды. Ол мәреге 40,096 уақыт көрсеткішімен жетті.

Бірінші орынды канадалық Стивен Дюбуа (40,008) иеленсе, үздік үштікті нидерландтық Йенс Ван Т’Ваут (40,163) қорытындылады.

Айта кетейік, өткен жылғы әлем чемпионатында да Никиша күміс медаль жеңіп алған болатын. Ол ересектер арасындағы әлем чемпионатында жүлдеге қол жеткізген алғашқы қазақстандық спортшы атанды.

Social Link

Follow Me On Social Media