What are you looking for?

Доллардың бүгінгі бағамы белгілі болды

15.03.2025

Доллардың бағамы тағы өсуі мүмкін бе?

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 500 – 506 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұлттық банктің 15 наурызға ұсынған ресми бағамы – бір долларға 505,15 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,89 теңге. Еуро – 550,31.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 503 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 500 теңге. Еуро 542 – 548 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 506 теңге, сатып алу құны – 500 теңге. Еуро 547 теңгеден сатылып, 540 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,70 – 5,85 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 14 наурыз кешкі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 9,13 теңгеге қымбаттап, 504,72 теңге болған.

Social Link

Follow Me On Social Media