Қостанай облысы Жітіқара ауданында күннің жылынуы мен қардың еруі салдарынан республикалық маңызы бар KZ10-05 "Мариновка ауылына кіреберіс" автожолының 9-шақырымындағы жолды су шайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұзындығы 40 метр, биіктігі 10 сантиметрге дейін жететін су шаяу Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы бейтарап аймақта, Желқуар өзені бойында болды.
"Бұл — көпір өткелінің болмауына байланысты жыл сайын қайталанатын маусымдық құбылыс. Елді мекендерге қауіп жоқ, көлік қозғалысы сақталған". Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Ведомствоның хабарлауынша, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Аталған аумақта жүргізушілерге мүмкін болатын қауіптер туралы ескертетін белгі бағаналары орнатылды.
"Жағдай бақылауда", — делінген хабарламдама.