What are you looking for?

Аида Әбікеева әлем чемпионатында үздік шықты

16.03.2025

Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында еліміздің әйелдер құрамасының мүшесі Аида Әбікеева топ жарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

63 келіде шаршы алаңға көтерілген отандық былғары қолға шебері шешуші айқастан Таиланд боксшысы Тананью Сомнуектен басым түсті. Азия құрлығының өкілі Азия ойындарының қола жүлдегері, Париж Олимпиадасының қатысушысы.

26 жастағы жерлесіміз өз мансабында алғаш рет әлем біріншілігінде бақ сынып отыр. Қарағанды бокс мектебінің түлегі 2024 жылы Азия біріншілігінде топ жарған еді.

Сондай-ақ, аталған сында Қазақстан құрамасының мүшелері Назым Қызайбай (48 кг), Алуа Балқыбекова (50 кг) чемпион атанса, 60 келіде Виктория Графеева (60 кг) күміс жүлдеге ие болды.

Social Link

Follow Me On Social Media