What are you looking for?

Наурызнама: 17 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

17.03.2025

Әрбір ұлттың тарихи өткені мен мәдениеті — оның болашағына негіз қалаушы маңызды факторлар. Қазақ халқының бай мәдени мұрасы мен салт-дәстүрі – ұлттың рухани байлығының негізі екені сөзсіз.

Бүгін – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. Наурызнама жалпыұлттық онкүндігі аясындағы мерекеде түрлі көрмелер ұйымдастырылып, концерт, фестивалдер өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

17 наурыз — Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні еліміздің ұлттық мұрасына деген құрметімізді арттырып, оны болашақ ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын айқындайды. Наурыздың тарихы тым тереңде.

Ғалым Айнұр Әбдірасылқызы айтуынша, біз ұлық мейрамды астрономиялық дәлдікпен тойлаймыз. Бұл Самарқанның көк тасы жібитін кезең. Яғни, құл құлдықтан құтылатын мезет. "Ұлықбек обсерваториясы" делінеді. Сол жерде орналасқан көк тас бар. Обсерваторияда күн сайын текшелеп, белгілі ерекшеленетіндей етіп, толыққанды дәлдікпен бәрі орналастырылған. Тура 13 наурыз күні атақты көк тасқа күн сәулесі түседі екен. Сонда ол көк тас бір сәтке жібиді деген сөз бар. Демек, "Самарқанның көк тасы жібіген күн" деген содан қалған деседі.

Ғалымның сөзіне сүйенсек, 21 наурызда жер астынан гуіл шығады екен. Мұны қой ғана естиді. Бұл жердің жіпсігенін білдірсе керек, себебі осы гуілден кейін күн жылына бастайды.

Наурыздағы ақша қар – құс қанаты да суық күндердің алыстағанын аңғартады.

Social Link

Follow Me On Social Media